«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Талғар ауданындағы №46 орта мектепте «Біз бақытты отбасымыз» атты спорттық байқау ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау болды.Байқауға аудан бойынша 7 отбасы қатысып, түрлі спорттық сайыстарда өз өнерлері мен ұйымшылдығын көрсетті. Қатысушылар эстафеталық жарыстар мен көңілді ойындарда өзара қолдаудың, бірліктің және мықты отбасылық ынтымақтың үлгісін танытты. Әр отбасы белсенділігі мен креативтілігі арқылы көр...